Өңірлердегі тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету акциясы жүргізілуде

15 тамыздан бастап тұрғын үй секторында өрттің алдын алуға және халықтың білім деңгейін арттыруға бағытталған өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілуде.

Өңірлерде тұрғын секторда өрттердің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Рейдтер барысында ТЖД қызметкерлері профилактикалық әңгімелер жүргізіп, нұсқаулықтар өткізіп, жылыту жүйелерін, электр құралдарын, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін және өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреді.

ТЖМ азаматтарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:

— тек жарамды пештер мен электр құралдарын қолданыңыз;

— электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

— мұржаларды уақытында күйеден тазартыңыз;

— жылыту жүйелерінің жағдайын үнемі тексеріп отырыңыз;

— балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

— тұтатқыш ретінде жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.

Қауіпсіздік талаптарын сақтау — өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтын ақпараты бойынша

https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1081216?lang=kk

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз