Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметіде Жетісу облысында орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген қоғамдық мониторингтерге байланысты брифинг өтті.
Отырыста партия өкілдері, депутаттық корпус, қоғамдық кеңес мүшелері, ата-аналар комитеттері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және басқа да ұйымдар қатысуымен балалық шақты қорғау жөніндегі қоғамдық штабтың құрылғаны хабарланды.
Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – қоғам мен мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Соңғы уақытта ата-аналар тарапынан ерекше назарға алынған өзекті мәселе – балабақшалардағы тамақтану сапасы мен қауіпсіздік жағдайы. Осыған байланысты партия бастамасымен өңірде арнайы қоғамдық бақылау шаралары қолға алынды.
Білім басқармасымен бірлесе құрылған штабтың негізгі мақсаты – балабақшалар мен мектептердегі тамақтану сапасын, санитарлық талаптардың орындалуын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын айтуынша:
Жетісу облысы бойынша 400-ден аса білім беру мекемесінде қоғамдық мониторинг жүргізу жоспарлануда.
Мониторинг жұмыстары аудан және қала деңгейінде ұйымдастырылып, айдың соңына дейін жалғасады. Бұл бастама – балалардың амандығын сақтау мен ата-аналардың сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам.





























