Облыс орталығы Талдықорған қаласында 7 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады. Айта кетейік, ең алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі. Айта кетейік, қала бойынша жылу жүйесімен 750 көпқабатты тұрғын үй, 1 285 жеке тұрғын үй, 210 бюджеттік ұйым және 1 322 коммерциялық нысан қамтылады.
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Жылу беру жұмыстарына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жылу батареяларын мұқият тексеріп, негізгі талаптарды орындауларыңызды сұраймыз!
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі





























