Шәкірттік алғыс!

260

Мектептегі қоңрыау үнін естігенде балалық пен бозбалалықтың қызыққа толы сәттері ғана емес, он бір жыл бойы білім алған мектеп пен ардақты ұстаздардың бейнесі көз алдымызға келіп, ғажайып күйге енеріміз сөзсіз.Биыл елімізде 3,8 млн оқушы білім алып жатса, оның 186 мыңы мектеп бітіріуші түлектер екен. Олардың қатарында талдықорғандық 1332 түлек те бар. Барлық мектеп бітірушілерге ақ жол тілейміз!

Ертең түлектер үшін «Соңғы қоңырау» салтанаты өтеді.

 

 

Жанель Қуан, Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің түлегі:

-Біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шықкан» ыстық ұямыз — мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді.

Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа-тармаса отырмаймыз. Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарыңда отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз! Біз үшін қимастық сезім басым.

Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-төрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасын  қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастык сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз  лүпіл қағып тұр!

 Аида Ариланова,  11-сынып оқушысы:

-Мен Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің жас түлегі ретінде  өз мектебіме алғысымды білдіргім келеді.11 жыл бойы білім ғана беріп қана қоймай,тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестеріңізді қостыңыздар.Әр қиын сәтте қолдау беріп, сапалы білім алуымызға жол аштыңыздар. Осы күні Алтын белгі иегері болуға үміткер болып отырсам,  ол менің жалғыз еңбегім емес,барша ұстаздарымның бірлесіп жасаған жұмысының жемісі.Сіздерге алғысым шексіз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Оқушыларыңыздың бір-бірінен асқан озат болуына,еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспін!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз