TopIQ – болашаққа бастар жол

292

Мен – Нүсіпқали Талғат, 10-сынып оқушысымын. Болашақта жақсы программист болғым келеді. Осы арманымның орындалуына көмектесіп жатқан пайдалы құралдардың бірі – TopIQ платформасы. Бұл мен үшін жай ғана онлайн оқу құралы емес, болашағымды құруға көмектесетін ерекше орта. Осы TopIQ платформасы мен сияқты үйден оқитын оқушыларға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын.

TopIQ платформасындағы сабақтар өте ыңғайлы. Түсіндірулері қарапайым, видеосабақтар мен суреттер арқылы тез түсінемін. Егер бір тақырыпты бірден түсінбесем, оны бірнеше рет қайталап қарай аламын. Бұл – менің визуалды және есту арқылы үйрену қабілетіме сай келеді.

Маған әсіресе TopIQ платформасындағы тапсырмалардың ойын түрінде берілетіні ұнайды. Әр тапсырма сайын балл жинап, марапат алу – мені оқуға ынталандырады. Бұл платформа менің тек білімімді ғана емес, қызығушылығымды да арттырып жатыр.

Программист болу үшін логикалық ойлау, есеп шығару және алгоритмдерді түсіну маңызды екенін білемін. TopIQ платформасындағы информатика, математика және логика бағыттарындағы жаттығулар мен тапсырмалар осы қабілеттерімді дамытып жатыр. Тіпті кейбір тақырыптарды өз бетіммен зерттегім келіп тұрады.

Тағы бір жақсы жағы – мұғалімдер менің тапсырмаларды қалай орындап жатқанымды көре алады. Егер бір пәннен қиналсам, маған арнайы көмек береді. Ал тапсырмалар автоматты түрде тексеріледі, бұл уақытты үнемдеуге өте ыңғайлы.

Қорытындылай келе, TopIQ – менің білім жолындағы сенімді серіктесім. Бұл платформаның арқасында мен өзімді сенімді сезінемін, білімімді өз бетімше толықтырып, арманым – программист болуға бір қадам жақындауға жақсы мүкіндік деп білемін.

Талғат Нүсіпқали,
Жетісу облысы,  Сарқан ауданы,  Алмалы ауылы,
«Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ,
10  сынып оқушысы 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз