Шекарашылардың сенімді досына айналған төрт аяқты қызметтік иеттердің жауынгерлік қызметтегі пайдасы зор. Шекара тәртібін бұзған жүргіншінің ізіне түсіп, тығылған жерін анықтайды. Шекаралық бақылау бөлімдерінде жолаушылардың жасырған жүктерін әшкере қылады.
Жақында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Қызметтік иттердің ең үздік маманы» жарысыұйымдастырылды. Сайысқа «Достық» шекаралық бақылау бөліміне қарасты шекаралық бақылау бөлімшелерінің сақ құлақтары қатысты.
Кинологтардың қызметтік иттері кедергілерден өту; көлік құралын тексеру, бөлмені тексеру, қол сөмкеледі тексеру, адамды тексеру сияқты сынақтардан өтті. Жарыс кезінде қызметтік иттердің дайындықтарының жоғары екені байқалып тұрды. Нұсқаушылардың пәрмендерін бұлжытпай орындап, есірткі мен жарылғыш заттарын заттарын оңай тауып жатты.
«Қызметтік иттердің ең үздік маманы» сайысының нәтижесінде І орын –сержант Досжан Көшегеновке бұйырды.ІІ орын мен ІІІ орынды сержант Жарқын Құсманов пенкіші сержант Фархад Жәнібековбөлісті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті