Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Білім-инновация мамандандырылған лицей-интернатында өткен «Brain Rain» зияткерлік ойынының жеңімпаздары атанды.
Жарысқа № 20, № 24 мектеп, Бил және Д.Рақышев атындағы мектептің атынан 5 команда қатысты. Сұрақтар мектептегі барлық пәндерді қамтыды және логикаға арналған интеллектуалды тапсырмалар ұсынылды.
NIS командасы жоғары білім мен командалық рухты көрсетті.
Біз бұл ойынға бірнеше күн дайындалдық. Әрқайсымыз өз үлесімізді қостық және бұл бізге табысқа жетуге көмектесті, — дейді 12- сынып оқушысы Ақжол Болат.
NIS командасының жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Нағима Рахманова оқушылардың дамуы үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
«Brain Rain» сияқты интеллектуалды ойындар білімді тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды қалыптастыруға да ықпал етеді. Бізде NIS-те мұндай жарыстар жиі өтеді, оған тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер де үлкен қызығушылықпен қатысады, — деп атап өтті Нағима Рахманова.