Құрылыс сапасы назарда

324
фото А.Нұршанов

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев жалпы облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның өкілдерімен кездесті. Басқосуда шаһар басшысы әрбір құрылыс алаңындағы істеліп жатқан істерге жеке-жеке  тоқталып, кемшіліктерді сынға алды. Сондай-ақ, ол бұдан былай құрылыс жұмыстарының сапалы әрі дер кезінде бітуін өзі қадағалауға алатынын жеткізіп,  жауапты мекеме басшыларына тың міндеттер жүктеді.

фото Д.Жаныс

Талдықорған қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сайт Дәрменовтың  мәліметінше, бүгінде қала аумағындағы 36 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде  8 көпқабаты тұрғын үй, 3 мектеп, бірқатар жергілікті учаскелік полиция пункттері мен күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан ғимараттар бар. Оларды салу және абаттандыруға 13 мердігер компания жұмылдырылған. Қазірге жалпы құрылыс алаңдарындағы жұмыс қарқыны жаман емес. Дегенмен, олардың арасында уақытпен санаспай салғырттық танытып жүргендер де бар. Жақында қалаға қарасты барлық  нысанды толық аралап шыққан шаһар әкімі құрылысшылар тарапынан орын алып отырған  олқылықтардың орнын толтыруды бұйырып, әркім өз міндетін ойдағыдай атқаруды ескертті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK