Жетісу облысының азаматтары былтыр 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

430

2005 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша қатысушыларының саны 156 мың адамға жетті.

Өткен жылы Жетісу облысы бойынша 41 мыңға жуық адам Қордан жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алды. Әлеуметтік төлем түрлеріне тоқталсақ, жүйе еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бо-йынша екі ұзақ мерзімді төлемді көздейді. Олар бюджеттен тағайындалатын осыған ұқсас мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша Қордан төленеді. 2023 жылы мұндай төлемдерді мүгедектігі бар 2,5 мың жұмыс істейтін азамат және асыраушысынан айырылған 2,1 мың отбасы алды. 2023 жылы көрсетілген төлемдердің тағайындалған мөлшерінің жылдық мәнде 23%-ға екі реттік өсуін ескере отырып, бұл мақсаттарға Қордан 945 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл туралы «МӘСҚ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Эльмира Боранбек пен Қордың бас маманы Бауыржан Қабдрахманов Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында толығырақ айтып берді.
«2023 жылы мұндай төлемдерді мүгедектігі бар 2,5 мың жұмыс істейтін азамат және асыраушысынан айырылған 2,1 мың отбасы алды. 2023 жылы көрсетілген төлемдердің тағайындалған мөлшерінің жылдық мәнде 23% – ға екі реттік өсуін ескере отырып, бұл мақсаттарға Қордан 945 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды», – деп атап өтті Эльмира Боранбек.
1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша ұзақ мерзімді төлемдердің мөлшері тағы да 7%-ға ұлғайтылды.
Сондай-ақ, Қор жұмысынан айырылу жағдайы бойынша жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындайды. Айта кетейік, 2023 жылы облыс бойынша бұл төлемді 1,3 млрд. сомаға 8,7 мың адам алған.
«Жүктілікке және босануға, Қордан жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. 2023 жылы облыста 8,7 млрд. теңге сомаға осы біржолғы төлемді 8,6 мың болашақ ана алды», – деп бөлісті Қор директоры.
Сонымен қатар, аталған кезеңде облыста 18,9 мың адам бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем алушы болды, оларға Қордан 8,2 млрд.теңге төленді. Осылайша, облыс бойынша төлемдердің 90%-ы ана мен баланы қолдау мақсатында жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге «Үйден шықпай-ақ» жүгіну үшін жағдай жасалуда. «Бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызметтер іске асырылуда. Мәселен, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлемді медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы, мүгедектігі анықталған кезде бірден, жұмысынан айырылу бойынша төлемді – мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде немесе enbek.kz. «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы алуға болады. Егер мансап орталығында тіркелген болса, онда өтініш беру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталы қолжетімді болады», – деп қорытындылады Бауыржан Қабдрахманов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз