Жетісу топырағынан алғаш шыққан кәсіби классик композитор Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өтпекші деп хабарлайды https://baq.kz/zhetisuda-dirizherler-men-vokalister-bayqauy-otedi-303204/. сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.
Аталған байқаудың мақсаты – дирижерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасу, аталған салада жаңа есімдерді анықтау. Сондай-ақ қазақ музыкасын жаңа шығармалармен толықтырып, қазақ халқының ән, күй туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру көзделіп отыр.
Байқаудың 1 кезеңі онлайн түрінде 14 сәуірде өтті. Әр қатысушы орындайтын шығармаларын жанды дауыспен өңдеусіз жазып, видеоға түсіріп, жіберген екен.
Республика көлемінде байқау 4 рет өткізілсе, биылғы 6-шы байқау осымен 2-ші рет Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Ән додасына алыс-жақын елдерден, еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардан кәсіби дирижерлар мен жас әншілер қатысады. Халықаралық байқауда 36 воколист, 18 дирижер бақ сынамақ.