Жетісу облысында 31 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

357

Жетісу облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізді. Мәселен, облыс бойынша су басу мүмкіндігі бар аймақта 31 елді мекен бар. Оның ішінде 22 учаскеде су тасқынына дайындық шаралары жүргізілді. Ал қалған 9-да тиісті іс-шаралар өткізіледі. Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуниккциялар қызметі ақпараттық алаңында баспасөз мәслихатинда Жетісу облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ринат Тазабеков және мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Әубәкіров бөлісті.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде іске асырылуда. Бүгінгі күні жоспарланған 10  іс-шараның 6-сы аяқталды. Қалған 4-еуі мұржа, тазалау,  2024-2025 жылдары іске асырылады.

«2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 2023 жылдың 7 ақпанында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Оның нәтижесі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға, аудандар мен қалалардың әкімдеріне арықтарды, каналдарды, су өткізу құбырларын уақытылы тазарту, гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, күштер мен құралдар топтарының дайындығын қамтамасыз ету, облыс аумағында орналасқан аса су тасқыны қаупі бар учаскелерді көзбен шолып тексеру бойынша жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулар берілді», — деді подполковник Ринат Тазабеков.

Баспасөз мәслихатындағы тағы бір маңызды тақырып жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік болды.

Еламан Әубәкіровтің айтуынша: «Жыл сайын облыстағы өрттің 70-80%-ы тұрғын үй секторларында болады. Осыған байланысты, 2023-2024 ж. жылыту кезеңін өткізу шеңберінде әзірленген «Жетісу облысының аумағында 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасы іс-шараларының жоспарына» сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары 100%-ы аулаларды аралаумен, рейдтермен және профилактикалық-үгіт жұмыстарымен қамтылған.  Департаменттің бастамасы бойынша «Көмек қолы» акциясы өткізілуде. Қазіргі таңда 456 отбасында қызметкерлеріміздің күшімен мұржаларды тазалау және жылыту пештерінің жарықтарын жабу бойынша көмек көрсетілді, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді», — деп қорытындылады спикер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз