Қызылша

276
Қызылша — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру. Статистикаға жүгінсек,вирусты он адамның тоғызы жұқтырады.
Ауруға қарсы екпе алмаған адамның қызылшаны жұқтырып алуы әбден
мүмкін.
Қызылша көбінесе балаларда кездеседі. Ересектерде, балалардан
айырмашылығы, қызылша ауыр және өте жиі асқынуларға әкеледі.
Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру
адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды.
Қызылшаның инкубациялық кезеңі орта есеппен 21 күнді құрайды.
Аурудың басында суыққа ұқсас белгілер пайда болады:
әлсіздік;
дене қызуының көтерілуі;
қабақтың ісінуі;
бас ауруы;
ұйқысыздық;
жалпы мазасыздық;
тамаққа тәбеті болмау;
шырышты секрециясы бар күшті ринит;
құрғақ жөтел;.
конъюктивит;
3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастау.
Қызылшаның асқынулары: соқырлыққа әкелуі мүмкін, қызылша энцефалиті
(бас миының ісінуіне әкелетін) 1000 жағдайдың 1-де болады.

Пневмония, ларингит және ларинготрахеит, қызылша туберкулездің ағымын белсендіре алады, отит болады. Жүкті әйелдердегі қызылша ұрықтың жоғалуына
әкеледі. 300-ден 1 бала энцефалопатия түрінде қызылшаның асқынуын
алады. Әсіресе, қызылша жиі ауыратын, әлсіз балаларда ауыр өтеді.
Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы вакцина егілмеген адамда кез
келген жаста вирусты жұқтырып алуы мүмкін.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда
қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6
жаста. Вакцинациялау үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцина
қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы компонентпен біріктіріледі.
Ауру белгілері байқалса, сау адамдарға жұқтырмас үшін қарым-қатынасты
дереу тоқтату керек.

Ш.Мырзахметова,

Талдықорған қалалық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқарма
басшысының м.а.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз