Туберкулезден сақтан

267

Туберкулез дегеніміз жұқпалы ауру, адам көзіне көрінбейтін туберкулез микобактерияларымен шақырылады. Көбінесе ауру белсенді өкпе туберкулезімен науқастанған адамнан жөтелу, сөйлеу, түшкіру кезінде жұғады. Туберкулез жиі өкпені зақымдайды; сондай-ақ лимфа бездері, ішек, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, сүйек, буын, ми, ми қабықшасы және басқа да ағзалар мен мүшелер зардап шегеді.

Елімізде туберкулезбен ауырғандардың басым бөлігін әлеуметтік жағдайы қорғалмаған тұрғындар, тұрмыс жағдайы төмен, жұмыссыз адамдар құрайды.

Жас ерекшелігі бойынша 18-64 жас аралығындағыларда жиі тіркеледі.

  Туберкулездің алғашқы белгілері мыналар:

— 2 аптадан аса құрғақ немесе қақырық бөлінумен ұзақ жөтел;

— тәбеттің жоғалуы;

— дене салмағының төмендеуі;

— жалпы әлсіздік, жайсыздық, тершеңдік (әсіресе түнгі уақытта);

— жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, шаршау;

— дене қызуының кезеңді жоғарылауы;

— кеуде тұсының ауруы.

Осы белгілердің ең болмаса біреуі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Жыл сайынғы флюорографиялық тексерулерден өту —  өкпе туберкулезі және кеуде қуысы органдарының басқа да ауруларын анықтаудың сенімді және қауіпсіз әдісі.

Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында терішілік аллергиялық туберкулин сынамасы қолданылады (Манту сынамасы).

Туберкулез жұқпасының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес перзентханада туылған нәрестеге 1-4 күндері БЦЖ-вакцинасымен мемлекеттік бюджет қаражатынан тегін егу жүргізіледі. Осыған орай, жоғарыда атап өткен мәселелерді ескере отырып салауатты өмір салтын ұстанып жүрсек біз бұл дертті жеңеміз. Қоғамның барлық күштері, мемлекеттің, дәрігердің және әрбір азаматтың күш-жігері біріктірілгенде ғана туберкулезбен күрес сәтті болатыны айғақ.

 

 Ш. Мырзахметова,

Талдықорған қалалық санитариялық

эпидемиологиялық бақылау басқарма

                                                                                                  басшысының м.а.                                                     

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз