Елімізде медицина сапасы күннен күнге артуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы да бекітілді.
Аталмыш жобаның «Ұлт денсаулығы-біздің сәтті болашағымыздың негізі» бөлімінде сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерді қамтамасыз ету, барынша кең спектрлі ауруларды анықтау мен емдеуді қамтамасыз ету негізгі басымдықтарын айқындап бергені баршаға мәлім.
Осыған орай Медицина қызметкерлерлері күні қарсаңында Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығының эпидемиолог дәрігері Смағұл Нүркен Қуатбекұлымен сұқбаттасып, Президент тапсырмасының қаншалықты жүзеге асып жатқанын біліп, орталықтың бүгінгі тыныс- тіршілігінен хабардар болдық.
—Бұл бағытта Жетісу облысында әлемді жайлаған қатерлі індет-туберкулезбен күрес қызметі де мейлінше пәрменді әрі нәтижелі жұмыс істеуде.Туберкулезге қарсы мекемелердің контингенттеріне орталықтандырылған бақылауды, науқастарға кеңес беруді, стационарлық, соның ішінде туберкулезге қарсы мекемелер мен облыстың басқа да емдеу-алдын алу ұйымдары жіберген туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеуді жүзеге асырады. Туберкулезге қарсы мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету және басқа емдеу-алдын алу ұйымдарымен туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу, науқастарға оңалту және қалпына келтіру бөлімі сонымен қатар пульмонология бөлімі және паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімі бар. Өкпе дертіне шалдыққан науқастарға стационарлық емдеу жүргізетін облыс бойынша жалғыз медициналық мекеме болып табылады,- деп білікті маман Нүркен Қуатбекұлы орталықтың жай- күйімен таныстырды.
Бұрынғы Алматы облысының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы қаулысымен аталмыш мекеме «Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Жетісу облысының әкімдігінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен қайта құру жолымен «Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны болып өзгертілді. Бүгінде орталықты осы салада ысылып 28 жылдан астам қажырлы еңбек етіп, мол тәжирибие жинақтаған білікті маман Заханова Аида Жанатқызы басқарып отыр. Осыған дейін де бірқатар жауапты лауазымды қызметтер атқарған білікті дәрігер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі». Сондай ақ, «Фтизиатрия» мамандығы бойынша «жоғары» білікті сертификатталған маман бірнеше мемлекеттік марапаттың иегері.
-Туберкулезге қарсы күрес саласының интеграциясы қандай?
— Туберкулезге қарсы күрес Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда 2014 жылы ел Үкіметі Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестің 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Қазіргі уақытта Қазақстанда денсаулық сақтауды реформалау аясында туберкулезге қарсы күрестің интеграцияланған моделін енгізу осы Кешенді жоспарға сәйкес жұмысын жалғастыруда. Туберкулезге қарсы ұйыммен және біріншілік медициналық санитарлық көмек интеграциясының арқасында туберкулезбен ауыратын науқастардың көпшілігінде қоғамда туберкулездің таралу қаупінсіз амбулаториялық негізде емделудің толық курсын алуға болады. Науқастарды емдеуді амбулаториялық негізде туберкулезге қарсы дәрігерлердің бақылауымен БМСК деңгейінде ауруханаға жатқызбай, отбасынан, жұмысынан алшақтатпай жүргізуге қол жеткізілді. Бұл жағдайда науқастың эмоционалды жағдайы өзгеріп, емнің тиімді нәтижесіне ықпал етті. Туберкулезбен ауыратындарға қарсы теріс стигманы азайтуға зор септігін тигізді. Сонымен қатар,бірінші күннен амбулаториялық емдеуді бастаған науқастарға ай сайын 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету қарастырылды.
—Бүгінде аурушаңдық көрсеткіші қай деңгейде? Жылына облыста дерт жұқтырған қанша науқас анықталады?
—Ілгеріде айтқанымыздай, облыстағы медицина қызметкерлер қауымының қажырлы емдеу-профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде тұрғындардың туберкулезбен сырқаттану деңгейі жылдан- жылға төмендеп келеді. Осы орайда Эпидемиологиялық көрсеткіштерге көз жүгіртсек Жетісу облысында туберкулез ауруының динамикасыбіршама төмендеді. Соңғы 2025 жылдың 5 айындағы туберкулез ауруының деңгейі 13,8% құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 28,1% төмендеді. Туберкулезден болатын өлім- жітім динамикасы облыста 01% құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 75,0% төмендеді. Өздеріңіз көріп отырғандай міне, осы көрсеткіштерден ақ, Жетісу облысының туберкулезге қарсы күрес саласындағы медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі айқын көрінеді.Облыстық фтизиопульмонология орталығының үйлестіруімен облыстың барлық емдеу-профилактикалық мекемелері осы қатерлі індетпен күреске жұмылдырылып отырғаны да белгілі.
—Дерттің алдын- алу үшін қандай шаралар қолданылады? Жұқпалы аурудың айналадағы адамдарға қауіп төндіретін түрі қалай анықталады?
— Облыста туберкулезді уақтылы анықтау үшін Gene-Xpert аппаратын жеткізілді. Олар Талдықорған қаласының Фтизиопульмонология орталығының зертханасына және Алакөл, Сарқан, Панфилов, Қаратал аудандық ауруханаларына орналастырылды, зертхана мамандары ҚР ДСМ ҰҒФО -да оқу дайындығынан өткізіледі. Аппараттармен қамтамасыз етумен қатар, осы аппараттар үшін қажет картридждерімен толық қамтамасыз ету және осы зертханалардағы мамандар үшін оқу тренингтері жыл сайын өткізіліп отырады. Облыстың аудандарында молекулярлық-генетикалық зерттеуге арналған құрылғыларды ала отырып, бүгіндегенді-молекулалық зерттеу әдісіәр пациентке қол жетімді. Туберкулез диагнозын қою және рифампицинге қарсы тұрақтылықты анықтау үшін халық арасында ғана емес, пенитенциарлық орталықтарды да осы тест арқылы қамти бастады. Туберкулез бен КДТ / ТБ-ді дер кезінде анықтау мен емдеуде ауруды жедел диагностикалау маңызды рөл атқарады. Экспресс Gene-Xpert MTB/RIF тесті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен туберкулезді бір мезгілде диагностикалауды қамтамасыз етеді және рифампицинге төзімділікті анықтайды. Сонымен бірге, туберкулезді және оның КАДТ/ ТБ туберкулезіне төзімділігін анықтау үшін тест өткізетін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, патологиялық материалға қойылатын сапаны жоғарылатуды қажет етеді. Облыстық фтизиопульмонология орталығы облыстың барлық емдеу-профилактикалық мекемелері ғана емес, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес мекемелермен тығыз қатынаста түрлі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
«р жарты жылдықтың қортындысына қарай аудан, қалалардың әкімдеріне жергілікті жерлердегі жағдайларға байланысты арнайы мәлімдемелер жолданып жатыр.
Енді алдағы уақытта жыл аяғына дейін облыстық фтизиопульмонология мамандары барлық аудандарға, соның ішінде шалғай елді мекендерге барып тұрғындарды туберкулезге тексерумен қатар оған қарсы профилактикалық іс-шаралар арқылы ауруды белсенді түрде анықтауды көздеп отыр. Мақсат-сырқаттарды дер кезінде анықтау. Мамандар осылайша жергілікті жерлерде нақытылы практикалық көмек көрсетеді. Бұдан тысқары облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы телемедицинаны пайдалана отырып, жергілікті мамандармен профилактикалық шараларға байланысты телекөпір өткізуді де ойластырып жасап отыр. Жалпы күнделікті атқарылып жатқан осындай іс жағдайы облыстық фтизиопульмонология басшылығының да назарында, ұдайы сараптамасынан өтіп жатыр.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кепілдендірілген көлемі бойынша жұрттың бәрі бірдей емханаға жүгініп, стационарда емделіп, диагностикадан өтеді. Оған әлеуметтік-маңызы бар ауру туберкулезде кіреді. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде туберкулезді анықтап емдеу тұрғындардың барлық санаттарында тегін жүргізіледі.
-«Ковид» індетінен кейінгі жағдай қалай?-Өздеріңізге мәлім «Коронавирус» адамзаттың амандығына, жұмыр жердің тұтастығына орасан қауіп төндіріп тұрған індетті ғалымдардың, дəрігерлердің күшімен ғана жеңе аламыз. Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Дегенмен біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетттік. Бүгінде бүкіл еліміз дəрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тəнті болуда. Айта кететін болсақ 2020 жылдың шілде айының 07 жұлдызында облыста Коронавирус індетінің эпидемиологиялық жағдайының күрт жоғарлауна байланысты, облыстық фтизиопульмонология орталығынан 140 төсектік соның ішінде 10 реанимациялық провизорлық төсек қоры уақытша ашылды.2020 жылдың 08 шілдеден 24 тамыз аралығында күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, тынымсыз еңбек етіп, тығырықтан шығар жол іздеп, қауіпті дерттің емін табуға бар білім-білігін, күш-жігерін салуға мекемеміздің 95 медицина қызметкері жұмылдырылды. Осы 2020 жылы мекемеде провизорлық бөлім ашылған сәттен аяқталғанға дейінгі аралықта облыс қалалары және шалғай аудандарынан «коронавирус» ауруына шалдыққан 341 адам ем қабылдады. Олар қауіпті дерттен құлан таза айығып емделіп шықты.Облыста 2021 жылы коронавирус жұқпасының эпидемиологиялық ахуалының өршуіне және індет жұқтыған науқастардың тағда көбеюіне байланысты облыстық фтизиопульмонология орталығынан екінші деңгейдегі инфекциялық бейіндегі 150 төсек оның ішінде 10 реанимациялық төсек қоры уақытша ашылған болатын.Осындай қауіп – қатерлі алаңға, адамдарға үміт сыйлап, вирусты жеңу миссиясы жүктелген мекемеміздің 104 медицина қызметкері вирустың жұқтыру қаупіне қарамастан өз қызметтерін табандылықпен атқаруға кірісті. Екінші деңгейдегі инфекциялық бөлімшеге облыс аймақтарынан «коронавирус» қауіпті дертіне шалдыққан 444 адам жатқызылып емделіп шықты.Қауіпті дертті емдеуде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң орындалуын қадағалап және де медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етіп отырған облыстың денсаулық сақтау басқармасымен қоса мекеме басшылығын ерекше атап айтсақ болады.Осындай сын сағатта «бір құдықтан су ішіп, бір терінің пұшпағын илеп» бірігіп атқарған жұмыс нәтижесі кезінде мекемеміздің бірде – бір медицина қызметкері коронавирустық ауруына шалдықпады.
Осы ретте халық денсаулығының төмендеуін елдегі әлеуметтік жағдайдың деңгейіне сілтесек те, әр адам ең алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екенін естен шығарып жүрміз. Күнделікті өмір салты — спортпен айналысу, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, дәрігерге дер кезінде қаралу — денсаулықты сақтаудың қарапайым шарттары екенін әрқайсымыз жақсы білеміз. Демек, ең бастысы, өзімізге деген көзқарасты өзгерту қажет. Сонда ғана өз ағзамызға өзіміз көмектесіп, жанымыз бен тәнімізді рухымызға бағындыра аламыз. Одан бөлек, ауру неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым құлан-таза айығып кетудің де мүмкіндігі көбірек емес пе?! Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады.
—Нүркен Қуатбекұлы сұқбатыңызға үлкен рақмет!Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулық саласына қосып жатқан үлесіңіз жемісті болып, үміт жетегінде келген әрбір жанның өміріне араша болған еңбегіңіз ақтала берсін!
Динара Аужанова





























