Жалпы 2023 — 2024 жылдары 6 мыңнан астам жағдай тіркелді, оның ішінде 3 920 (63%) жағдай зертханалық жолмен расталды.
Ауырғандардың 80% -ы 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 5 жасқа дейін – 86% құрайды.
Науқастанғандардың 87% (3411 адам) профилактикалық екпе алмағандар.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында қызылша жұқтырғандардың расталған 647 жағдайлары, 1- 22 ақпан аралығында 480 расталған жағдайлары тіркелген.
2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда (1106 расталған жағдай), қызылша жұқтырғандардың саны осы жылдың қаңтар айында 1,7 есеге және ақпанның осы кезегінде 2,3 есеге төмендеу байқалады.