«Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

918

«Ару Ана»  республикалық үздік әйелдер жобалары  конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.

Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларыні ріктеу Қазақстанның барлық өңірлерінен жүзеге асырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.

Конкурс  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом  және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізіледі.

Кім қатыса алады?

Конкурсқа қатысушылар Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері болып табылады.

Іріктеуді кім жүзеге асырады?

Өтінімдерді  іріктеуді  конкурстық  комиссия жүзеге асырады.

Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі  Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адам көлемінде тиісті өңір әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының/әкім  аппараты басшысының төрағалығымен құрылады.

Конкурстық комиссия мынадай өлшем шарттарды ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды:

жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);

жобаның әлеуметтік маңыздылығы  (1-ден 5 баллға дейін);

жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);

жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

Нақты жоба бойынша мүдделер қақтығысы болған жағдайда  комиссия мүшесі бұл туралы Комиссияны хабардар етеді және нақты жоба бойынша дауыс беруге жіберілмейді.

Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау – 2024 жылғы 5-20ақпан аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінімді толтырып  jastar_otdel@mail.ru электрондық мекенжайынан емес қағазт үрінде Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 47.  Жастарға қызмет көрсету орталығы ғимараты, 2 қабат, 203 кабинет мекенжайына жолдауқажет.

Өтінім формасын  және «АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсы туралы ережені https://cloud.mail.ru/public/ZsyW/7vTsNsB6y сілтемесінен жүктеп алу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша +7 708 678 84 34 телефонына хабарласу қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз