Жаңадан құрылған Алатау қаласы туралы не білеміз?

347

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілегені туралы хабар тарады.  Президентіміз Қ.Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ақпаратқа біреулер таңқалса, енді біреулері  экономикалық жағынан тиімді деген тоқтамға келді.

 Президенттің Алатау қаласын құру туралы шешімі барлық бағытта дамуға бірегей мүмкіндік беріп, ішкі және халықаралық даму үшін жаңа көкжиектер ашады. Өйткені, аймақта халықаралық теміржол станциясы орналасқан. Алатау қаласында ойын-сауық және туризм орталығы, экспортқа бағдарланған сауда-логистикалық орталық болады. Туризімді де дамытуға лайықты, Қапшағай көлі де жақын орналасқан.  Жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін туристік қызметтердің тұтас кластерін дамытуға болады. Маңызды мәселелердің бірі – тәуелсіз бюджеті болады.  Кейінірек Іле ауданынан Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Қоянқұс, Еңбек ауылдары, Қонаевтан Заречный мен Арна ауылы қосылады. Осылай аудан құрамынан қала шегіне сегіз елді мекен, 44 мың адам және 66.000 га аумақ өтеді. Бұл жаңа қаланың жалпы ауданы 88 мың гектарды құрайды, ал құрылған кездегі халық саны 52,7 мың  болады.

  Ақпараткөздеріне сүйенсек,  бұл  қала төрт аймаққа бөлінеді: Green disctrict – демалыс және туризм орталығы, Growing disctrict –экспортқа бағытталған сауда-логистикалық орталық, Golden disctrict – әлемдік деңгейдегі медицина және спорт білім беру орталығы. Сондай-ақ, Gate disctrict – бизнесті дамытудың халықаралық орталығы. Қонаев және Алатау қаласын жалғайтын қалалық жылдам автобус қызметі жүйесі және жерүсті жеңіл метрополитені болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз