Оқушылар Мұхаметжан Тынышбайұлы аталарының еңбегімен танысты

114

«Біртұтас тәрбие бағыты» бойынша қазақ даласының тарихы мен ұлы тұлғаларының өмірімен таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Талдықорған қаласының мектептерінде көптеген жұмыстар қолға алынып отыр.

 Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің сынып жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы және тарих пәні мұғалімі Рысбаева Фариза Амандосқызы жетекшілігімен 8 «Г» сынып оқушылары қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының (1879-1937) туғанына 145 жыл толуына орай облыстық өлкетану мұражайына саяхат жасап қайтты.

Жерлес тарихшы ғалымның еңбектері балаларды қатты қызықтырды.  Мұражай қызметкерлеріне көптеген сұрақтарын қойып, оның өміріне қатысты мол мағлұматтар алуға мүмкіндік туды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз