«Тәуелсіздік дарыны» атағын иеленгендер талдықорғандық ұстаз бен шәкірт

374

Талдықорған қаласындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің бастауыш сынып ұстаздары мен оқушылары жаңа жылдың алғашқы айында мол қуанышқа кенеліп отыр.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаланы білім беру саласының мамандары мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік дарыны» атты республикалық байқауға  Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Оразбаева 3 оқушысымен қатысқан болатын.  Байқау барысында қатысушылар «Ұстазым-мақтанышым», «Мамандығым — мақтанышым» деген тақырыптарда  эссе жазыпты.  Жұмыстар негізінен еліміздің өңірлері бойынша сараланған көрінеді.

« Осы республикалық байқау   «Bilim- orkeniet» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  ұйымдастыруымен өткен болатын. Жоғарыда айтқанымдай,  оқушыларымен бірге  қатысқан  сынып жетекшісі, білім беру мамандарының арасында «Тәуелсіздік дарыны» байқауында  Эльмира Оразбаева жеңімпаз атанып,  1-дәрежелі дипломға ие болды.

Ал, шәкірті 4-Б сынып оқушысы Талшын Хамит та жеңімпаз атанып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқушы Талшын  «Ұстазы мықтының- ұстанымы мықты» атты эссесінде: « Мен Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің 4 сыныбында оқимын. Біздің мектепте тамаша, білімді ұстаздар көп. Олардың әрқайсысы туралы жазуға болар еді, бірақ менің өміріме ең асыл да, ұмытылмас із қалдырған алғашқы ұстазым Эльмира Қадырханқызы. Мен оқығанды өте жақсы көремін. Каникул кезінде мектепті қатты сағынамын. Әрине,  мұның барлығы Эльмира апайымның еңбегі. Көңілді, сонымен қатар талапшыл, қамқор және қатал, мен бірден достасып кеттім ұстазыммен. Ұстаз бәрімізді бірдей көреді.  Жазу мен мен оқудан басқа, бір-бірімізді құрметтеуге, алдымызға мақсат қоюға,еңбекқорлыққа, дос болуға үйретеді»,-деген үзіндісін келтіре кеткенді жөн көрдік. Сондай-ақ, Талшын  көшбасшылық қабілеті мен дарындылығы үшін «Тәуелсіздік дарыны» төсбелгішесі мен куәлікті де иеленді. Талшынның ата-анасына да ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А. Сатылғановтың қолымен Алғыс хат та келіпті. Марапаттың бәрі почта арқылы жеткізілді.  Ұлағатты ұстазға қарап зейінді шәкірт тәрбиеленіп келеді. Талапты да, дарынды балалар көп болғай!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз