Жетісу облысында 3 адамға халықаралық іздеу жарияланған

225

Жетісу облысында 3 адамға жасаған қылмысы үшін  ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлігі бойынша халықаралық іздеу жарияланған. Бұл азаматтарды   мекенжайы анықталған жағдайда бұлтартпау шарасы бойынша заңға сай бірден  қамауға алу көзделген. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз жиында Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі Ербол Құрманбаев мәлімдеді.

Ербол Сәкенұлының айтуынша, іздестіруді аудан-қалалардағы жұртшылық білсін деп БАҚ өкілдеріне  арнайы сұхбат берген. Аталған адамдардың екеуіне көлемді қаржы жымқырған, тағы біріне кеден бекеттері арқылы жүк контрабандасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген айып тағылған.

Нақтырақ айтсақ, іздеудегі  Базылбаева Гүлбану Нұрғызықызы  05.09.1979 дүниеге келген. 2004 жылдың 23 қаңтарында «Қазпочта» ААҚ Ескелді РБПК-де кассир болып жұмыс істеген. Осы орайда ол Исабаев Қанат Нұриұлымен сөз байласып өзінің қызмет бабын пайдалана  отырып, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне зейнетақы мен еңбекақы төлеуге арналған 22 миллион теңге соманы жымқыру қылмысын жасаған.  Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша айып тағылған. Қылмыс жасалғаннан кейін Г.Н.Базылбаева мен Қ.Н.Исабаев қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен. Қазірге дейін олардың тұрғылықты жері әлі анықталмаған. Қылмыс жасағандарға қатысты «Ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, «Халықаралық іздеу» жарияланған.

Екінші іс бойынша  айыпты 1977 жылы  29 қазанда Алматы облысы Панфилов ауданында  туған Төлебаев Дәурен Төлебайұлы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінен Қазақстан Республикасының азаматы Дәурен Төлебайұлы Төлебаевқа қатысты іздестіру ісін қайта тапсырған. Аталған  адамға қатысты қаржы полициясы органдары 27.04.2011 жылы «а, б» тармағының 209-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 235-бөлігі 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.  Нақтырақ айтсақ, Дәурен Төлебаев «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттері арқылы жүк контрабандасына байланысты қылмыстармен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ) мүшесі болып саналады.

2007-2011 жылдар ішінде  Д.Т.Төлебаев  және  басқа да адамдар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының кедендік шекарасы арқылы аса ірі көлемдегі тауарлар мен заттарды көрінеу жалған құжаттар арқылы өткізу, сондай-ақ,  жалған декларациялау және басқа да ауыр және аса ауыр қылмыстар жасау мақсатында ҚР аумағында арнайы қылмыстық қоғамдастық құрған.   Осылайша, ол ҚР ҚК 235-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыс жасаған. Тергеу барысында қабылданған шаралармен Д.Т.Төлебаевтың орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған. Сонымен Д.Т.Төлебаевқа қатысты сырттай «а, б» тармағының 209-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 235-бөлігі 3-бөлігі бойынша айып тағылып, «Күзетпен ұстау» қиылысу және «Халықаралық іздестіру» шарасы тағайындалған.  Жұрт арасында іздеудегі бұл адамдардың орналасқан жері туралы білетіндер болса Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 48 мекенжайындағы Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.  Байланыс телефондары: 8-7282-24-11-25, 8-707-343-42-10, (кезекші бөлім, тәулік бойы), іздестіру бөлімі 8-707-222-20-58.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз