Жас өнертапқыштар байқауы өтті

322
Дереккөз

Алматы облысы білім басқармасының “Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы”  “Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың” облыстық байқауын өткізді.

Дереккөз

Аталмыш сайыс Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы, Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау. Жарысқа қатысушылар екі күн бойы көлік және кеме құрастыру, әуе модельдері  сынды кезеңдер бойынша бақтарын сынады. Білім басқармасына қарасты “Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының” директоры Дөсет Байдильдин мен  “Көркем эстетикалық және шығармашылық тәрбие беру бөлімінің” жетекшісі Есет Жеңісұлы тұңғыш өтіп жатқан байқауға қатысушы жас өнертапқыштарға сәттілік тілеп, жеңімпаздарды марапаттады.                                                                           

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK