Темір тұлпардың тілін білген…

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Лепсі» шекара бөлімшесінің аға технигі, аға сержант Иван Калашников әскери техниканың жарамдылығын қамтамасыз етіп, қызметтік көліктердің әрдайым дайын болуына жауап береді. Лепсі ауылында дүниеге келген әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен кейін шекарадағы қызметін келісімшарт бойынша жалғастырған.

Көп жылғы тәжірибесі бар маман таулы аймақта техниканың сенімділігі шекара нарядтарының қауіпсіздігі үшін маңызды екенін жақсы біледі. Сондықтан әр көлікті мұқият тексеріп, ақауларды дер кезінде анықтауға баса мән береді.

Аға сержанттың еңбегі – сапқа дайын тұрған техника мен тапсырмасын қауіпсіз орындап оралған шекара нарядының артындағы көзге көрінбейтін жауапты жұмыс.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз