Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары

71

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының сарбаздары Алакөл аудандық орталық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты ашық кітап көрмеге қатысты.

Іс-шара барысында сарбаздар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен танысып, ақынның мол әдеби мұрасы туралы мағлұмат алды. Көрме әскери қызметшілердің рухани-танымдық білімін арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз