ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2026» шақырылымының төрт жүзден астам мерзімді әскери қызметшісі әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсімге Департамент бастығы полковник Марат Нарбаев қатысып, жас сарбаздарға ақ жол тілеп, әскери борыштарын абыроймен атқаруға шақырды.
Іс-шарада Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеуханов, ата-аналар атынан Назгүл Құстанбаева және жаңадан ант қабылдаған сарбаз Ернат Бақкелді құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың Отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел қауіпсіздігін қорғауға адал қызмет етуге серт беретін маңызды кезең.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























