ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында Шекара академиясының 4-курс курсанттарының әскери тағылымдамасының аяқталуына орай қорытынды іс-шара өтті.
Жиын барысында курсанттардың тағылымдама кезеңінде атқарған жұмыстары сараланып, кәсіби даярлығы мен жинақтаған тәжірибелік дағдыларына баға берілді. Қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындап, өздерін жақсы қырынан көрсеткен курсанттар марапатталды.
Тағылымдама болашақ офицерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және әскери қызметке деген жауапкершілігін нығайтуға мүмкіндік берді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























