«Үйгентас» – аңыздан ақиқатқа дейін

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданындағы «Үйгентас» шекара бөлімшесі тарихы терең өлкеде мемлекеттік шекараны күзетіп келеді. Бөлімше атауының шығуы туралы ел арасында бірнеше аңыз бар. Соның бірі бойынша, жауға қарсы аттанған қазақ батырлары бір-бір тастан көтеріп әкеліп, үйген. Осылайша тастар бірліктің, қайсарлық пен ел қорғаудың белгісіне айналған деседі.

Кеңес Одағы тұсында іргесі қаланған бөлімше 1968–2022 жылдары заставаның Севостьян Кривошеин есімімен аталуымен де тарихта қалды. Бүгінде әскери ұжымды аға лейтенант Қуаныш Бөгенбаев басқарады. Тәжірибелі офицер жеке құрамның жауынгерлік даярлығы мен тәртібіне баса назар аударып, мемлекеттік шекараны сенімді күзетуді ұйымдастырып келеді.

«Үйгентас» шекарашылары үшін қызмет – тек әскери міндет емес, ата-баба аманатына адалдық. Қырағылық пен ұйымшылдықты басты орынға қойған сақшылар ел тыныштығы мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тәулік бойы қызмет атқаруда.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз