ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «5 толқын» ШҚ бағдарламасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы: шекарашы ардагердің тағылымы» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Шекара қызметінің ардагері, запастағы подполковник Абай Әлменұлы Аханұлы қатысып, «Күз-2026» шақырылымының жас сарбаздарымен жүздесті.
Кездесу барысында ардагер шекарашы әскери қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік шекараны қорғаудағы жауапкершілік, әскери тәртіп пен Отанға адал қызмет етудің маңызы туралы әңгімеледі.
Тағылымды кездесу жас сарбаздардың патриоттық рухын көтеріп, әскери дәстүрлер сабақтастығын нығайтуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























