ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «5 толқын» бағдарламасы аясында «Күз-2026» шақырылымының жас сарбаздарымен «Ұлттық құндылық: рухани мәдениеттің күнделікті өмірдегі көрінісі» тақырыбында кездесу өтті. Сұхбатқа Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалының мемлекеттік тіл оқытушылары қатысты.
Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүр, ана тілі, рухани мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау, оларды күнделікті өмірде дәріптеудің маңызы талқыланды. Сонымен қатар жас сарбаздарға ұлттық тәрбие мен рухани мәдениеттің әскери ортадағы орны түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























