ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Лепсі» шекара бөлімшесі 1961 жылдан бері мемлекеттік шекараны күзетіп келеді. Бөлімше Қазақстан мен Қытай арасындағы 31 шақырым шекара учаскесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бүгінде капитан Серікбай Кариев басқаратын жеке құрам жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіпке ерекше мән беріп, шекаралық заңнаманың сақталуын бақылауда. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында шекара режимі талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Қырағылық – шекарашы қызметінің басты талабы. Бөлімше нарядтары қызмет барысында шекара режимін бұзған азаматтарды анықтап, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдап келеді. Алпыс жылдан астам тарихы бар «Лепсі» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері ел шебін күзету дәстүрін жалғастырып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруда.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























