ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесі топ бастығы, аға сержант Дәурен Құрманғалиев мемлекеттік шекараны күзетуде кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп келеді. Көп жылғы тәжірибесін жас әскери қызметшілермен бөлісіп, олардың даярлығы мен тәртібіне үлес қосуда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Шекара бөлімшесінің үздік жүргізушісі» атанған Дәурен Құрманғалиев әскери техниканы жетік меңгерген тәжірибелі маман.
Бүгінде аға сержант мемлекеттік шекараны күзетіп қана қоймай, жас буынға тәлімгерлік жасап, әскери ұжымда абыройға ие болып келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























