-2.4 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 27 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 94

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдаудың аяқталуына 1 апта қалды

Өңірлік кезеңнен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде ұсынылуы қажет. Ал педагогикалық идеяның бейнематериалы республикалық кезеңге өткен соң сұралады.   Конкурс бағыттары: 1.Оқу сауаттылығы 2.Математикалық сауаттылық 3.Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 4.Цифрлық сауаттылық 5.Экологиялық сауаттылық 6.Мәдениетаралық сауаттылық 7.Қаржылық сауаттылық   Байқау талаптары: * әрбір қатысушы тек бір бағыт бойынша бір жұмыс ұсына алады; * жұмыс авторлық әдістемелік идеяны қамтуы тиіс; * материал басқа конкурстарға ұсынылмаған, еш жерде жарияланбаған, авторлық...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру. Елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып...

Жетісуда білім беру мен денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды

Жетісу облысында білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды. Сол сияқты көпқабатты тұрғын үйлердің маусымға дайындық деңгейі 96% құрап отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымына дайындалу барысында жылумен жабдықтау объектілері мен инженерлік желілілер жөнделіп, отын сатып алынуда.    «2 турбинаға, 35 қазанға, 79,5 шақырым...

Жетісуда әлеуметтік сала қызметкерлеріне және жұмысшы мамандарға арналған жаңа «Маман» тұрғын үй бағдарламасы басталды

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Отбасы банк» АҚ филиалы ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) «Маман» бағдарламасы басталды. Жаңа бастама өңірдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің негізгі салаларында еңбек ететін мамандарды қолдауға бағытталған. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, энергетика, БАҚ және өңірдің басқа салаларының қызметкерлеріне бағдарлама аясында жеңіл шарттармен жеке меншік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 25 тамызынан басталды,...

Конституция — 30 жыл: «Заң мен тәртіп» қағидаты дәріптеледі

Талдықорған қаласында тарихи дата Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар бастау алып, жүзеге асуда. Мерейтой аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар Ата Заңның қоғамдағы рөлін айшықтап, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жас ұрпаққа Конституцияның мән-маңызын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу де басты мақсаттардың бірі болып отыр. Осыған орай өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған...

Кербұлақ ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жүргізілген жоспардан тыс аудит нәтижелері туралы ақпарат

Департамент тарапынан Кербұлақ ауданының келесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  жоспардан тыс аудит жүргізілді: «Ай-сана» ясли-бақшасы, «Ақтиін» ясли-бақшасы, «Балауса» ясли-бақшасы, «Балбөбек» ясли-бақшасы, «Балдырған» ясли-бақшасы, «Бүлдіршін» ясли-бақшасы. Аудит 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 наурыз аралығындағы негізгі құралдар, шаруашылық және өзге де тауарларды сатып алу бойынша шарттық міндеттемелерді орындаудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар: 21615,3 мың теңге...

«Таза Қазақстан» аясында «Жаркент мешіті» мұражайының маңайы абаттандырылды

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысындағы Панфилов ауданында «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының маңайы абаттандырылды. Сонымен қатар туристік нысан айналасындағы көшелерді жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан әкімдігінің мәліметінше, Жаркент қаласында абаттандыру бағытында 3 жоба іске асырылып жатыр. - Біз ең алдымен «Жаркент мешіті» туристік нысанының маңын көркейттік. Бұл - Юлдашев көшесінің Масанчи...

2025 жылдың 25 тамызынан бастап салық есептілігі Салық төлеуші кабинетінде қолжетімді болады

Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде. 2025 жылғы 25-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады: 1. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алу туралы салықтық өтініші; 2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта...

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық істер бойынша дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану 24 пайызға, яғни, 61 мыңнан 76 мыңға дейін өскені айтылды. Олардың қатарында медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері бар. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы даулар бойынша құқығын қорғау шеңберінде әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 2,6 мың актісі (57...

Конституция күніне орай Жетісу облысының шекаралық ауданындағы 4 ауылда жаңа медициналық нысандар ашылды

Конституция күніне орай Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданындағы 4 ауылда жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді. Сөйтіп ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасы айтарлықтай жақсарды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа медициналық нысандар Көктал-Арасан, Сарпылдақ, Дарбазақұм және Қорғас ауылдарында ашылды. Бұл ауылдарда жалпы саны 2 260 адам тұрады. Атап айтқанда, Көктал-Арасан, Сарпылдақ және Дарбазақұм ауылдарында 3 блокты-модульді медициналық пункт...