ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып,
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: қазіргі қиындықтар және олардың сандық трансформация арқылы шешімдері» тақырыбында сұрақ-жауап кешін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің қоғам дамуына ықпалы, мемлекеттік қызмет пен қауіпсіздік саласындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ сандық технологияларды тиімді пайдалану жолдары туралы пікір алмасты. Кездесу жеке құрамның заманауи технологияларға деген көзқарасын кеңейтіп, зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























