ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Тополевка ауылының дәрігері Айман Жандарбекқызы «Жарақаттың және желшешек сырқатының алдын алу» тақырыбында профилактикалық сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында жарақаттанудың алдын алу жолдары, жеке қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ желшешек ауруының белгілері мен одан сақтану тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара жеке құрамның денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























