Басқұншыда оқушылармен патриоттық іс-шара өтті

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесі Басқұншы ауылының Крылов орта мектебінің 10–11 сынып оқушыларымен Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді оятуға бағытталған іс-шара өткізді.

Шара барысында оқушыларға шекара қызметінің маңызы, ел қорғаудың жауапты міндеті туралы түсіндіріліп, әскери-патриоттық тәрбие берілді. Мұндай кездесулер жас буынның бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз