ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен «Отбасы банк» қызметкерлерінің қатысуымен сұхбат ұйымдастырылды.
Кездесу барысында 2026 жылы «Отбасы банкінде» енгізілетін өзгерістер, тиімді ипотекалық бағдарламалар, тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен жеңілдіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Бұл шара жеке құрамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























