ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Күз–2025» шақырылымындағы сарбаздары «Шолақ» шекара бөлімшесіне жауынгерлік қызметін атқару үшін жолданды.
Алдын ала даярлық кезеңінен өткен жас сарбаздар ендігі кезекте мемлекеттік шекараны күзету міндетін атқарып, бөлімшенің күнделікті қызметіне кірісетін болады. Бұл кезең олардың әскери борышын абыроймен орындаудағы маңызды баспалдағы болып саналады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























