Жетісу облысында «Шаңырақ» этножурналистика байқауының жеңімпаздары анықталды
Этносаралық қатынастар тақырыбында жазып жүрген журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу, көпэтносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселесіне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыруды мақсат еткен «Шаңырақ» байқауы Жетісу облысында қорытындыланды.
Басқосуда «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а Р.Усанова, шараға қатысушы БАҚ өкілдерін шығармашылық байқауда қол жеткізген...
«Жусан иісі» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Классик жазушы Сайын Мұратбековты еске алуға арналған «Жусан иісі» республикалық әдеби байқауы өз мәресіне жетті. Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен прозалық сайысқа жалпы еліміздің әр аймағынан 50-ден астам қаламгер қатысып, өз әңгімесін ұсынған. Сонымен қатар осы орайда балалар арасында да эссе жазудан бақ сыналды. Жүлде қорын демеуші – қарымды қаламгер Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты...
Жетісулық жас өрендер Президент шыршасына қатысты
Талдықорғанда облыстың әр өңірінен 9-13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала Президент шыршасына қатысты. Олардың қатарында дарынымен көзге түскен, оқуда озат, ерекше күтімге мұқтаж әрі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын шыққан балалар бар. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы қатысып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
«Балалар жылы» аясында өткен мерекелік шара «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атауымен...
Талдықорғанда еске алу шарасы өтті
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне кіргізілгеніне 43 жыл. Осыған орай, Жетісу облысының орталығында арнайы іс-шара өтті. Бір минуттық үнсіздікпен басталған басқосуға Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Абибеков Бауыржан Бақытұлы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары подполковник Злобин Аркадий Александрович және аймақтағы Ауған соғысы ардагерлері мен жергілікті жұрт қатысты.
Жиналған қауым алдымен шаһардың орталық саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыста...
Орман қорғап, өсімдіктерді аялау – ортақ іс
Жаңа жыл мекерекесі жақындаған сайын орманшылар қауымынан маза кететіні анық. Себебі, бұл тұста заңсыз ағаш кесушілер қатары артатындықтан орман алқаптарын көздің қарашығындай сақтауға тура келеді. Бүгінде «Жоңғар» орманшаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 14-айналымына тиесілі жер көлемі 4200 гектардан асады. Оның 1000 гектарға жуығы орман алқабы. Орманды жыл бойы өрт және заңсыз ағаш кесушілерден сақтау қорықшылар үшін басты міндет.
Нақтырақ айтсақ, жаз...
Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді
Талдықорғандағы Журналистер үйі ғимаратына журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші Бейсен Құранбектің есімі берілді. Аталмыш шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы қатысып, Бейсен Абайұлының қазақ телевизиясына, журналистикасына қосқан үлесі жайлы айтып, естеліктермен бөлісті.
Жетісу облыстық прокуратурада алқа отырысы өтті
Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының прокуратурасында қадағалау алқасының арнайы отырысы өтті. Басқосуда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдерге жасалатын зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың 11 айында Жетісу облысының аумағында 524 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 720 адам зардап шексе, оның 112-сі қаза тапқан.
Аталған жиынға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және құқық қорғау ұйымдарының және «Қазавтожол»...
Бас прокуратурада алқа отырысы өтті
Астанада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Алқа жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Басқосудағы бірінші мәселе бойынша Бас Прокурор ағымдағы жылы прокурорлар мемлекетке қолданылмаған 1,5 млн га жер қайтарылғанын атап...
Рақымшылық туралы заң кімдерге қатысты?
Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Қазақстан Республикасының «Амнистия туралы» заңы қолданысқа енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты не олардың жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. Аталмыш заң жайында кеңірек өңірлік коммуникациялар алаңында Жетісу облысының құқық қорғау саласының қызметкерлері таныстырды.
«Заңның 1 және 2-баптарында рақымшылық қолданылатын Қылмыстық кодекс баптарының толық...
Алмақтың салмағы
Біздің үкіметте халықтың табысын арттыруды көздейтін кешенді жоспар бар. 4 бағыт бойынша жүзеге асып жатқан 2025 жылға дейінгі сол жоспарды жүзеге асырсақ, халықтың жылдық табысы 4-5 пайызға өсіп, 2 млн-нан аса жұмыс орны құрылады екен. Инфляция 20 пайыздан асқанын ескерсек бұл жұмыс істемейтін жоспар сияқты. Айлыққа қосылған азғантай ақшаны күнделікті қымбаттау әп-сәтте жұтып қояды. Сондықтан жұрт үстемесі 50 пайыздан...





























