Жетісулық жас өрендер Президент шыршасына қатысты

433

Талдықорғанда облыстың әр өңірінен 9-13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала Президент шыршасына қатысты. Олардың қатарында дарынымен көзге түскен, оқуда озат, ерекше күтімге мұқтаж әрі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын шыққан балалар бар. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы қатысып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

«Балалар жылы» аясында өткен мерекелік шара «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — әрбір жас жеткіншекке қамқорлық танытып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.
Жаңа жылдық шырша шара дәстүрлі хореографиялық қойылымдар және театрландырылған көріністер көрсетумен ерекшеленді. Кішкентай көрермендер назарына театрландырылған қойылымды визуализация эффектілері арқылы көрсетіліп, кейіпкерлер 2, 3D пішімінде LED экрандарда көрсетілді.
Мерекелік қойылым екі бөлімнен тұрды: алғашқысы — «Жаңа жылдық ғажайыптар аттракционы» станциялар бойынша ойындар ұйымдастырылса, екінші бөлім «Жаңа жылдық тосын сый» атауымен балалардың Аяз атамен кездесуімен жалғасты.
Жас жеткіншектер дәстүр бойынша Аяз атаның Жаңа жылдық сыйлықтары мен тәттілерін алды.
Биылғы мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі, Президент шыршасына қатысқан барлық өңірлердің балалардың «Шаттанайық балалар» бейнеқұттықтауы болды. Бұл бастама ерекше көзге түскен балаларға өздерінің жас отандастарын мерекемен құттықтауға, өздерінің табыстарымен және жетістіктерімен бөлісуге, бірегей мүмкіндіктерді, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қиын жағдайларды еңсеру мақсатында көрсетуге мүмкіндік берді.
Мерекелік көтеріңкі көңіл-күйге бөленген жетісулық жас өрендер кеш соңында Аяз ата, Ақшақармен және алған сыйлықтарымен естелік суреттерге түсті.
Іс-шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің аймақтық инспекторлары, педагогтер, медицина қызметкерлері және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмылдырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз