«7 OZEN»: Жетісуда Ақсу өзенінің арнасы тазартылды

Бүгін Жетісу облысының Ақсу ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті. Іс-шараға Жетісу облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Азамат Бейісбаев пен аудан әкімі Берік Тынышбайұлы, аудан тұрғындары қатысты.

Акцияға қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасы барысында Ақсу өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шаралар атқарылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 700-ден астам адам және 17 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы саны 500 көшет отырғызылды, оның 50-і қылқан жапырақты, 450-і жапырақты ағаштар.

Сонымен қатар, ауданның барлық елді мекендерінде санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз