Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Қазақстан Республикасының «Амнистия туралы» заңы қолданысқа енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты не олардың жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. Аталмыш заң жайында кеңірек өңірлік коммуникациялар алаңында Жетісу облысының құқық қорғау саласының қызметкерлері таныстырды.
«Заңның 1 және 2-баптарында рақымшылық қолданылатын Қылмыстық кодекс баптарының толық тізбесі және Заң нормалары қолданылмайтын қылмыстардың түрлері көрсетілген. Мұндай санат саны – 8. Олар террористік және экстремистік қылмыстар, азаптау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, мемлекетке опасыздық жасау, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған», — дейді спикер.
Атап өту керек, бұл санатқа 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға қатысты кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған кәмелетке толмағандар кірмейді.
«Заңның 1-бабында көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар негізгі және қосымша жазаны одан әрі өтеуден босатылады. Ауыр қылмыстар бойынша сот тағайындаған негізгі жаза төрттен үшке, аса ауыр қылмыстар бойынша – жартысына қысқартылады. Амнистия құқық бұзушыны толық ақтамайды әрі әрекетін қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. Бұл іс қимылы үшін берілген кешірім түрі. Ол жазадан босатуға ғана бағытталған амал», — дейді Жетісу облысы прокуратурасының 2 басқарма басшысы Қанат Нұхаев.
«Қазіргі уақытта соттармен амнистия қолданылған 140 қылмыс қаралды. Олардың 13 босатылды. 127-нің ісі бойынша мерзімі қысқартылды», — дейді Қанат Нұхаев.
Сотқа дейінгі тергеу шарасында Заңның ең маңызды тұстарына назар аудару керек.
Біріншіден, қылмысты құдалау органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар, ауырлығы онша ауыр емес және орташа қылмыстар туралы істер бойынша қолданылуы мүмкін.
Осы сатыдағы ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша, сондай-ақ заттай дәлелдемелер ретінде ақша мен өзге де құндылықтар танылған қылмыстық істер бойынша Заң талаптары қолданылмайды. Мұндай істер бойынша іс жүргізу істі сотқа жібере отырып, жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
Екінші, рақымшылық жасау туралы актінің салдарынан қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы мынадай мән-жайлар болған кезде сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында шығарылуы мүмкін:
— күдікті заң нормаларына сай келсе;
— күдіктінің рақымшылық жасауға келісімі бар;
— күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланды;
Үшіншісі, рақымшылық жасау туралы актінің салдарынан қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар болған кезде қылмыстық қудалау органы адамға рақымшылық жасау туралы актіні оған қолдану туралы өтінішхат беру құқығын, сондай-ақ оны қолданудың құқықтық салдарын түсіндіруге, сондай-ақ рақымшылық жасауға қарсылық білдіруге міндетті.
Мұндай өтінішхаттар дереу, ал дереу қарау мүмкін болмаған жағдайда үш тәуліктен кешіктірілмей қаралуға және шешілуге тиіс. Адам рақымшылық жасау туралы актіні қолдануға қарсылық білдірген жағдайда іс бойынша іс жалғасады және істі сотқа жолдаумен аяқталады.
Төртіншіден, бірінші кезекте күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданған күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты рақымшылық жасау туралы мәселені қарау қажет, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттері жүзеге асырылады.
Бесіншіден, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген істер бойынша адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті дәлелдер мен негіздер болған кезде прокурор іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы мәселені дереу шешіп, адамға рақымшылық жасау құқығын түсіндіре отырып, істің барлық мән-жайларын анықтау жөнінде шаралар қабылдауы немесе рақымшылық жасауға қарсылық білдіруі қажет.
Алтыншы, адам іздестіруге жарияланған істер бойынша рақымшылық оның орналасқан жері анықталғанға дейін қолданылмайды.
Істерді сотта қарау сатысында:
Сотта қылмыстық істерді қарау кезінде, егер сотталушы рақымшылық жасауға келетін болса мемлекеттік айыптаушы сотты заң нормаларын қолдануға бағыттайды.
Жәбірленушінің немесе оның өкілінің рақымшылық жасауға келісімі талап етілмейді.
Сонымен қатар, рақымшылық актісі қолданысқы енген кезде заңды күшіне енбеген айыптау үкімдері болса, апелляциялық шағымданудың 15 күндік мерзімі болған кезде прокурорлар апелляциялық өтінішхаттар енгізетін болады.
Апелляциялық сатыдағы соттарға қатысушы прокурорлар кінәлі адамға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін заң ережелерін қолдану үшін негіздердің бар-жоғын тексереді және олар болған жағдайда сотталғандарға рақымшылық жасау туралы қорытынды береді.
Енді, заңды қолданудың барлық кезеңдерінде ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайлар бойынша.
— қылмыс жасау уақыты 4 қаңтар сағат 00:00-ден 2022 жылғы 7 қаңтар сағат 24:00-ге дейін болуы тиіс (СДТБТ-не тіркелу осы уақыт кезеңінен кейін жүзеге асырылуы мүмкін);
— қылмыстық құқық бұзушылықтар жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты болуы керек және тікелей осы тәртіпсіздіктер орын алған жерде жасалуы керек;
— егер қылмыстар жиынтығында олардың біреуі рақымшылыққа келіп, екіншісі келмесе Заңның 1-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық бөлігінде ғана қолданылады.
Егер осы қылмыстардың кемінде біреуі Заңның 2-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына жатса, рақымшылық жасалмайды.