Жетісу облыстық прокуратурада алқа отырысы өтті

2032

Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының прокуратурасында қадағалау алқасының арнайы отырысы өтті. Басқосуда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдерге жасалатын зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың 11 айында Жетісу облысының аумағында 524 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 720 адам зардап шексе, оның 112-сі қаза тапқан.

 Аталған жиынға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және құқық қорғау ұйымдарының және «Қазавтожол» АҚ, және филиалдардың басшылары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қатысты.

Мамандардың мәліметінше, 2022 жылы облыс орталығында «Автоураган» және «Интегра» сынды құқық бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеу құралдары дерліктей жұмыс істемеген. Осыған байланысты прокурорлар жол полициясы органдарының 2,6 мыңнан астам әкімшілік істерінің заңдылығына күмән келтіреді.

Баяндамашының айтуынша, кейбір жағдайларда жүргізушілер жаяу жүргіншілер мен жолаушылар ретінде тартылды, ал басқаларында – қаулыларда құқық бұзушылықтың мәні көрсетілмейді. Мәселен, автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған фактілер әкімшілік заңнаманың басқа нормалары бойынша жауапқа тартылған. Онда жазаның неғұрлым жеңіл түрлері көзделген. Сондай-ақ, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша атқарылған жұмыстар да көңіл көншітпейді. Бүгінгі күнге дейін 19 мың жол ережесін бұзушы 340 млн теңге әкімшілік айыппұлды әлі төлемеген. Осылайша, «жазаның бұлтартпастығы» қағидаты ескерілмейді. Бұған қоса төленбеген айыппұлы болса да 31 автокөлік құралын есептен шығаруға жол берілген. Әрі сот орындаушыларының автокөлік құралдарын айыппұл тұрағына ұстау және қамауға алу туралы 384 қаулысы орындалмай, 527 атқарушылық іс қозғаудан негізсіз бас тартқан. Сонымен бірге 702 автокөлік құралына тыйым салу бойынша еш шара қабылданбаған. Прокурорлар оның 32-сін үшінші адамға сатылғанын анықтаған.

Ал, келесі кезекті облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев балаларға жыныстық зорлыққа қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарының да тым нашар екенін сынға алды. Осы орайда Мадияр Бекенұлы: — «Аймақта кәмелетке толмағандар жөніндегі өңірлік комиссияның құрамы жаңартылмай, жұмысы формашылдыққа айналған. Сонымен бірге мектептерде инспекторлардың жетіспеушілігі қатты сезіледі. Бүгінде ювеналды полицияның бір инспекторына 1,3 мыңнан астам оқушы тура келеді. Сондықтан да бұл жұмыстарды жандандыруға күш салу керек», — деді.

 Жиын соңында жүргізілген талдаулар мен алқа отырысына қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, уәкілетті органдардың әрі қарайғы қызметінің бағдарлары белгіленді. Және профилактиканың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар әзірленді. Отырыс қорытындысы бойынша ведомстволық бақылауды күшейту және қадағалау қызметін жандандыру туралы  нақты шешім қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз