Президент Ассамблеяның екі сыйлығын тағайындауды ұсынды
ҚХА-ның «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.Мемлекет басшысы сессия барысында Ассамблеяның екі сыйлығын тағайындауды ұсынды.
"Еліміздегі келісім мен келісімді нығайтуға нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жан-жақты ынталандыру қажет. Біріншісі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік еңбек үшін. Екінші – мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстар үшін. Бұл марапаттарды жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар...
Өркениетті ел
«Жемқорлық - індет, оны жою міндет». Жемқорлықпен күрес әр саналы адамның ісі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық...
Ерлікке тағзым
Биылғы жылдың 26 сәуірінде Чернобыль апатының орын алғанына 37 жыл. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда «Ерлікке тағзым» атты арнайы еске алу шарасы өтті. Қала әкімдігі мен аймақтағы Семей- Чернобыль қоғамдық ұйымы бірлікте ұйымдастырылған басқосуға апат зардабын жоюға қатысқан азаматтар, ардагерлер, қоғам белсенділері және өзге де саланың жетекшілері қатысып, шаһардың орталық саябағындағы Даңқ Обелискісіне гүл шоқтарын қойды.
Бір минуттық үнсіз...
Білім беру бағдарламалары нарық сұранысына сай болуы тиіс
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында адами капиталды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, -деп хабарлайды өзге басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы бағыт бойынша балабақшаларда 300 мың жаңа орын ашу, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтың – 1000 көшбасшысы кадрлық резервін құру, мектептерде 7 мың пәндік кабинет ашу, 100 қосымша білім беру объектісін салу,...
Жетісу облысында кәсіптік мамандық иелерінің сайысы ұйымдастырылды
Жетісу облысының колледж студенттері арасында ерекше жарыс өтті. «WORLDSKILLS ZHETYSU -2023» жарысы күнделікті қажет мамандық иелерінің үздіктерін анықтады.
Байқауға 200-ге жуық студент қатысты. Олар Талдықорғандағы және Текелідегі колледждерге бөлініп, 27 мамандық бойынша үздіктерді анықтады. Білімгерлер оқып жатқан мамандықтары бойынша да сынға түсті. Байқау нәтижесінде аймақтағы үздік кәсіптік білім беретін оқу орны да анықталды. Жеңімпаздарға Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама...
Талдықорғанда алғаш рет спорт интернаттары мен колледждері арасында спорттық бәсеке өтті
Талдықорғанда алғаш рет ҚР Мәдениет және спорт министрінің кубогы үшін бірнеше спорт түрлерінен (бокс, тхеквондо, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдодан) жарыс өтті.
Жарысқа еліміздің спорт интернаттары мен колледждерінің 2007-2008 жылы туған жасөспірімдері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі үздік шықты.
Жетісу облысының Жақсылық Үшкемпіров атындағы Олимпиада резервінің облыстық мектеп-интернат-колледжі аталмыш бәсекенің күміс...
Ардагерлерді ардақтайық!
Биыл Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы (ҰОС) Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2309 азамат 156,7 млн. теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмек алады. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысымызда тұратын ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына 1,5 млн. теңгеден төленбек.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінде Жетісу өңірінде Ұлы Отан соғысының 8 ардагері тұрады. Сондай-ақ, жыл басынан...
Төрт күндік жұмыс аптасы қалай жүзеге асады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрт күндік жұмыс аптасының барысын түсіндірді.
Еңбек министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Еңбек кодексі бойынша жұмыс аптасы төрт күндікке ауыспайды. Алайда жұмыскерлер графикті ауыстыру мүмкіндігіне ие болады.
"Өзгеріс аясында төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасын кезектестіруге болады. Мысалы, бес күндік жұмыс кестесімен бір апта, төрт күндік жұмыс...
«Тәубе» мешітінде дзюдо күресінен жарыс өтті
Биылғы қасиетті ораза айт мейрамы жеті күннің сұлтаны жұма күнімен тұспа тұс келді. Күллі мұсылман қауымының бір күнде келген қос мерекесіне байланысты Талдықорғандағы «Тәубе» мешітінде дін мен дәстүр аясында қайырымдылық шараларымен қатар спорттан дзюдо күресінен арнайы жарыс ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
«Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітовтың айтуынша, Талдықорғандағы мешіттерде мереке сайын қайырымды шаралармен бірге спорттық ойын түрлерінен үнемі сайыстар...


























