Талдықорғанда алғаш рет спорт интернаттары мен колледждері арасында спорттық бәсеке өтті

3171
Талдықорғанда алғаш рет ҚР Мәдениет және спорт министрінің кубогы үшін бірнеше спорт түрлерінен (бокс, тхеквондо, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдодан) жарыс өтті.
Жарысқа еліміздің спорт интернаттары мен колледждерінің 2007-2008 жылы туған жасөспірімдері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі үздік шықты.
 Жетісу облысының Жақсылық Үшкемпіров атындағы Олимпиада резервінің облыстық мектеп-интернат-колледжі аталмыш бәсекенің күміс жүлдегері атанды.
Қола жүлдеге Жамбыл облысының мектеп-интернат-колледжі ие болды.
Биыл Кубоктың жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңгені құрады. Жеңімпаз 5 миллионға ие болса, 2-орынға,  3-ші,  қола медаль алған командаға 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спорт резерві басқармасының басшысы Аманбай Нұрмұханбетов, Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, Жетісу облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл марапаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз