Жетісу облысында кәсіптік мамандық иелерінің сайысы ұйымдастырылды

212

Жетісу облысының  колледж студенттері арасында ерекше жарыс өтті. «WORLDSKILLS ZHETYSU -2023» жарысы күнделікті қажет  мамандық иелерінің үздіктерін анықтады.

Байқауға 200-ге жуық студент қатысты. Олар Талдықорғандағы және Текелідегі колледждерге бөлініп, 27 мамандық бойынша үздіктерді анықтады. Білімгерлер оқып жатқан мамандықтары бойынша да сынға түсті. Байқау нәтижесінде аймақтағы үздік кәсіптік білім беретін оқу орны да анықталды. Жеңімпаздарға Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз