Өркениетті ел

1160

«Жемқорлық — індет, оны жою міндет». Жемқорлықпен күрес әр саналы адамның  ісі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай — ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған күндерден бастап,  сыбайлас жемқорлықпен күрес өзектілігін жойған емес. Қаншама бағдарламалар іске асырылып, нәтижесін беруде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес отбасынан басталуы тиіс. Себебі, отбасы — шағын мемлекет. Одан  ұрпақтың өмірге көзқарасы, өмір жолын таңдауы қалыптасады. Отбасылық тәрбиенің адам баласының саналы қалыптасуына маңызы зор. «Ұяңда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің»,- демекші, сәби бала өзіне ең жақын адам ата-анасынан, білім ордасында  жүрген оқушы — білімді ұстазға, еңбек ортасында жүрген жас маман — білікті маманға ұқсағысы келетіні ақиқат. Демек, адамның даму кезеңіне тиісінше жүрген ортасының тәрбиелік мәні зор. Адалдық, әдептілік, парасаттылық, мәдениеттілік, сыпайылық, қарапайымдылық – адам бойындағы құндылықтар. Тазалық, ар тазалығы – берекелі отбасы, уайымсыз  күндер, нәтижелі еңбек, тыныш ұйқы. Жетістікке  таза еңбекпен жету —  үлкен бақыт. Осы құндылықтарды өз ортамызда  дәріптей білсек ,жемқорлықсыз қоғам құруға өз үлесімізді қосқан болар едік.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірден – бір тиімді шара. Сондықтан білім мекемелеріндегі  белгіленген іс- шаралар  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары болып табылады. Балабақшада Қазақстан  Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» заңның жүзеге асыруда іс- шаралар жоспары құрылып, бекітіліп  балабақшаішілік педагогикалық сағатта талқыланды. Аталған жоспар бойынша  жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жинақ папкасына материалдар жинақталды. Атап айтқанда: ұжым арасында  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс- қимыл мәселелері бойынша жасырын сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама  сараптамасы бойынша 100 пайыз  қызметкерлер сыбайлас жемқорлық туралы түсініктері бар. Педагогтармен  түрлі жағдаяттар өткізу  тренингі, кездесулер, іскерлік ойындар жүргізу, педагогикалық сағаттар, дөңгелек үстелдер, бейнероликтер көрсету сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мысалы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға – ортақ міндет!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды Педагог қызметкерлер  арасында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» заңнамалардың мазмұнымен толық таныстыру сабақтарының жоспары құрылып нәтижесі бойынша тест алынды. Ұйымдастырылған «Нестандарные ситуации» қалыптан тыс жағдаяттық  іскерлік ойында  педагогтар белсенділіктерін көрсетті. «Ата – аналар арасында  сыбайлас жемқорлыққа  байланысты мектепке дейінгі білім берудің  сапасы мен мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушылардың қанағаттануы жөнінде әлеуметтік зерттеу ұйымдастырылды. Аталған жұмыстардың барлығы сыбайлас  жемқорлықтың алдын алуға бағытталған  жұмыстар болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 

Гүлмира Тұңғатарова, Талдықорған қаласы « № 42 балабақшасы» қазақ тілі пән мұғалімі

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз