Елімізде талапкерлерге ҰБТ сынағы басталды
Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап taldykorgan-online.kz
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасты.
Тіркеу testcenter.kz сайтында жүргізілді.
ҰБТ өткізу мерзімі - 16 мамыр мен 5 шілде аралығы.
Түлектер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш берді.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері...
Қытайлық Нанкин серіктестігімен меморандумға қол қойылды
Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында қытайлық Нанкин туризм және қонақжайлылық институтының делегациясымен арнайы кездесу өтті. Сапардың негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру саласында тәжірибе алмасу.
Кездесу барысында филиал директоры Бакыт Злобин қонақтарды филиалдың қызметімен таныстырып, ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Жетісу облысының туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Мухаметкаримов облыста туризмнің дамуы туралы ақпарат...
Медициналық пойыз – Лепсіде
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы мамыр айының 10-22 күндері аралығында Жетісу облысының 6 шалғай елдімекеніне ат басын бұрмақ. Доңғалақ үстіндегі емхана 15 мамыр Лепсі бекетінде өз жұмысын бастап, онда пойыз құрамындағы білікті мамандар екі күн бойы жергілікті халыққа тегін көмек көрсетеді.
Мамандардың мәліметінше, жалпы науқастарды қабылдау 13.00-14.00 аралығы түскі үзіліспен күнделікті сағат 9-дан 18-ге дейін жүргізіледі. Пойыз 17 мамырда (08.15) –...
Асыл қазына сақшысы
«Еңбек түбі - береке» - деп қазақ халқы бекерге айтпаған ғой. Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз.
Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы деген ұғым жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада кітапты қолға береді деген тар ұғым орнына, қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындататын оң пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру керек сыңайлы. Кітаптың құдіреттілігін терең...
Жеңіске -78 жыл: Ерлігі ұрпаққа үлгі
Соғыс қиындығын көріп, төрт жылға созылған зұлматты бастан өткерген ардагерлердің ерен ерлігі ұмытылмайды. Талдықорған қаласының тұрғыны Ысқақ Құсайынов атамыз - Ұлы Отан соғысының ардагері.
Соғыс ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы 1924 жылы 14 қаңтарда Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Әкесі Әбілпейіз ауыр дерт сүзектен қайтыс болады. 16 баладан жалғыз тұяқ бала Ысқақ аман қалады. Ата-анадан айырылған ол туыстардың қолында тәрбиеленеді. 10...
Жеңіс жауынгерінің ізгі жолы
4 жылға созылған соғыс қаншама қайғы мен қасірет әкелді. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранда аналардың құрғамаған көз жасы, әкесіз өскен баланың мұңы жатты.
Кеңес кезіндегі Отан үшін болған майданда әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жанқиярлық көзсіз ерліктің арқасында жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған ...
Жалпыұлттық патриоттық диктант жазу шарасы Талдықорғанда да өтті
Қазақстанда 4 мамырда жалпыұлттық диктант жазу өтті. Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын іске асыру тапсырмасы берілген болатын.
Мақсат - ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау...
Жетісу дәрігерлері біліктілігін арттырды
Ел ордасы Астанада Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығында Ресей Федерациясының профессоры В.Е.Радзинскийдің қатысуымен арнайы семинар өтті. «Жедел акушерлік жағдай кезінде жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы әдістері» атты шараны «Аяла» қоры ұйымдастырған. Оған Жетісу облысының бірқатар мамандары шақырылды. Ана мен бала денсаулығын сақтауға қатысты өзекті мәселелер көтерілген семинар барысында жетекші акушер-гинекологтар өздерінің құнды ой-пікірлерін айтып біліктіліктерімен...
Жылдық инфляция 16,8%-ға дейін төмендеді
Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9% құрады, тиісінше көрсеткіш наурыз деңгейінде сақталды. Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өскен.Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке...
«Еркін ел ұрпағы » атты жалпыұлттық патриоттық диктант күні өтеді
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын іске қосу тапсырмасы берілген болатын.
2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.
Осыған...




























