Жетісу дәрігерлері біліктілігін арттырды

423

Ел ордасы Астанада Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығында Ресей Федерациясының профессоры В.Е.Радзинскийдің қатысуымен арнайы семинар өтті. «Жедел акушерлік жағдай кезінде жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы әдістері» атты шараны «Аяла» қоры ұйымдастырған.  Оған   Жетісу облысының бірқатар мамандары шақырылды. Ана мен бала денсаулығын сақтауға қатысты өзекті мәселелер көтерілген семинар барысында жетекші акушер-гинекологтар өздерінің құнды ой-пікірлерін айтып біліктіліктерімен бөлісті.

Жетісу облысындағы медициналық мекемелердің акушер-гинеколог дәрігерлері аталған семинарға онлайн режимінде де қосылды. Осы орайда медицина ғылымдарының докторы,  профессор, «University Medical Center»КҚ әйелдер денсаулығы департаментінің директоры Бапаева Гаури Биллаханқызы және аталған департаменттің жоғары тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді босандыру бағдарламасының меңгерушісі Сайдильдина Ләззат Лаулекқызы әйел мен ана денсаулығына қатысты маңызды тақырыптар бойынша лекция оқыды.

— Біз семинарға арнайы  білімдерімізді жетілдіруге бардық. Өйткені жұмыс барысында түрлі қиындықтар туындайды. Сол қиындықтарды шешу үшін қалай әрекет ету керек деген сұрақтарымызға жауап алдық. Атап айтқанда, босану кезеңінде қан кетуді тоқтату жолдарын талқыладық. Бұл семинардың ерекшелігі мамандар лекция оқумен қатар тәжірибе жүзінде, яғни, арнайы манекендерде көрсетті. Енді осы алған білімдерімізбен Жетісу өңірінің басқа да акушер–гинекологтарымен бөлісетін боламыз, — деді Панфилов ауданаралық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Айгерім Мұратқызы.

Дәрігерлер өз тарапынан семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз