Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап taldykorgan-online.kz
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасты.
Тіркеу testcenter.kz сайтында жүргізілді.
ҰБТ өткізу мерзімі — 16 мамыр мен 5 шілде аралығы.
Түлектер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш берді.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.
Талапкерлер аталған кезеңде тестіні 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім гранты конкурсына қатыса алады.
Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады: 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп пен колледждің өткен жылғы түлектері, шетелде білім алып жүрген 11(12) сынып оқушылары, қандастар, шартты түрде оқып жатқан студенттер.
Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалғандары үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.