Қытайлық Нанкин серіктестігімен меморандумға қол қойылды

553

Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында қытайлық Нанкин туризм және қонақжайлылық институтының делегациясымен арнайы кездесу өтті. Сапардың негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру саласында тәжірибе алмасу.

Кездесу барысында филиал директоры Бакыт Злобин қонақтарды филиалдың қызметімен таныстырып, ынтымақтастық бағыттарын белгіледі. Жетісу облысының туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Мухаметкаримов облыста туризмнің дамуы туралы ақпарат берді.Нанкин туризм және қонақжайлылық институты – Цзянсу провинциясында орналасқан Қытайдағы бірегей жоғары кәсіптік білім беру мекемесі. Институтта мәдениет пен туристік индустриямен тығыз байланысты 26 мамандық бар. Қытай делегациясының басшысы, Нанкин институтының вице-ректоры, профессор Хуан Бин институт туралы айтып, туризм саласына кадрларды даярлау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Туризм саласында Жетісу облысының кең әлеуеті бар екені белгілі, сол себепті осы институтпен ынтымақтастық туристік салада кәсіптік білім беруді дамыту шеңберінде, сондай-ақ академиялық алмасулар мен жаттықтырушылар даярлау саласында күш-жігерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сапар барысында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша Филиалы мен Нанкин туризм және қонақжайлылық институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, делегацияны Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли қабылдап, қонақтардың назарын Жетісу өңірінің ерекшелігіне аударды. Сондай-ақ, тараптар арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуда облыс әкімдігінің қолдауын білдірді.

Сондай-ақ, Нанкин институты өкілдерінің «Қоғамдық келісім» мекеменің Облыстық қытай этномәдени орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, ал Visit Zhetysu орталығы экскурсия өткізді. Қытай делегациясының Филиалға сапары Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен 2023 жылғы 17-19 мамырда Сиань қаласындағы «Орталық Азия + Қытай» Саммитінің қарсаңында өтіп жатқаны да өзекті болып отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз