Қазақстанда 4 мамырда жалпыұлттық диктант жазу өтті. Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын іске асыру тапсырмасы берілген болатын.
Мақсат — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру да маңызды.
Айтар болсақ, диктант жазу республика бойынша 4 мамырда сағат 11.00-де бастау алды. Оны офлайн және онлйн форматта өткізуге болады. Бастысы, өңір тұрғындарының кем дегенде 30 пайызы қамтылуы тиіс. Диктант бағаланбайтын көрінеді.
Осыған орай, Талдықорған қаласының мемлекеттік қызметшілері, барлық оқу орындары, әр саладағы мамандар, қала тұрғындары диктант жазуға қатысты.
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу іс-шарасына Талдыкорган қаласының 73 жастағы тұрғыны Фатима Қалиқызы Аринова қатысты.